Ата Заң еліміздің дамуына жаңа серпін береді

Тәуелсіз мемлекеттің басты тірегі, елдің ертеңгі дамуының басты кепілі Ата Заң екені даусыз. Бүгінде әлемнің әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани, мәдени дамуында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай жағдайда уақыт көшінен қалмау, жаңа бетбұрыстарға дайын болу аса маңызды. 
Жаңа Ата Заңымыздың жобасы замануи уақыт талабымен үндесуде. Әрине елдің алға жылжуы қоғамдағы бірлік пен біртұтас елдікте, оның жаңа білім мен ғылымды дамытуына, өзі жүріп өткен тарихының сабақтарын жете сезінуіне, өзге мемлекеттердің тәжірибесін меңгеруіне байланысты. Ата Заң жобасы бастамасында-ақ алғаш рет «мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бағдарға алып» деп анық жазылған. Ал 3 баптың 2-ші бөлімінде оны «Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды» деген жолдармен бекітеді.
 Біздіңше, бұл үлкен жаңалық. Адам капиталы, білім мен ғылымдағы түбегейлі өзгерістер, инновацияның айқын көріністері нақты нәтиже беруде. Бұл бағыттардың Ата Заңда айқындалуы мемлекетіміздің жаңа даму бағытын дәлелдейді. Жаңа ғасырда халқымыздың тарихи-мәдени мұрасын сақтау, төл мәдениетімізді қолдау да аса маңызды. Аласапыран заманда ұлттық бірегейлікті сақтау, оған әлем назарын аудару жұмыстары жалғаса береді. Олай болса Ата Заң еліміздің дамуына жаңа серпін береді деп сенеміз.
Әбілсейіт МҰҚТАР,
«Сарайшық» тарихи-мәдени музей-қорығы директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT