АЗАМАТТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беру, өзекті мәселелерін шешуге жедел көмек көрсету және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында ұйымдастырлған «Халық заңгері» республикалық акциясы ауданымызда жалғасын тапты. 

Ауданның уәкілетті орган өкілдері Махамбет және Жалғансай ауылдық округінің мәдениет үйлерінде азаматтарды қабылдап, акция шеңберінде азаматтарға құқықтық көмек көрсетті.

Құқықтық кеңес берушілер қатарында прокурорлар, адвокат, нотариус, сот орындаушылар, полиция қызметкерлері, әкімдік, әділет, денсаулық сақтау және салық органдарының өкілдері болды.

Кездесу барысында  тұрғын үй, автомобиль жолдары, жұмыспен қамту, медицина, кәсіпкерлік, атқарушылық өндіріс және т.б. сұрақтар бойынша тиісті сала мамандары жауап берді.

Республика көлемінде өтіп жатқан “Халық заңгері” акциясының басты мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғаммен ашық диалог құру болып табылады.

Аманжан Әділжанов,

аудан прокуратурасының прокуроры,

2 сыныпты заңгер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT