Құрылыста қарқын бар

фото: аудан әкімінің баспасөз қызметінен алынды

Өткен аптада аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев Сарайшық ауылына барып, ондағы жаңадан бой көтеріп жатқан ауылдық әкімшілік ғимаратының құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Айта кетейік, соңғы жылдары ауданда ауыл инфрақұрылымын жаңғырту бағытында бірқатар ілкімді істер жүзеге асуда. Бұған дейін Бейбарыс және Алға ауылдарында жаңа әкімшілік ғимараттары пайдалануға берілген бола­тын. Бұл жұмыстар тұрғындарға қолайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік туғызып отыр.

Сарайшық ауылындағы жаңа нысанды 2025 жылдың тамыз айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс қарқынды жалғасуда, жұмыс алаңында тиісті мамандар мен техника жұмылдырылған.

Аудан басшысы мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарының са­палы орындалуын басты назарда ұстап, ғимараттың тек сыртқы келбетіне ғана емес, ішкі инфрақұрылымының да талапқа сай болуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT