Бас мүфтидің қолынан төсбелгі алды

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай елімізде бірқатар игі шаралар жүзеге асырылуда.  Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына арнайы іссапармен келіп, облыстық орталық «Иманғали» мешітінде өңір имамдарымен кездесті.

Басқосуда ҚМДБ Төрағасы имамдарға жан-жақты білім алуға, ізденуге кеңес беріп, ізгі ниетін жеткізді. Сонымен қатар, бір топ  дін қызметкерлерін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойына арналған мерекелік медальмен марапаттады. 

Жиырма жылдан бері халықтың, жастардың діни сауаттылығын арттыруға үлес қосып келе жатқан Хан ордалы Сарайшық мешітінің бас имамы Жайлыбек Кенжеалиевке де бас мүфти төсбелгі тақты. 

Халықтың рухани азықтануына,  өңірлерде, ауыл-аймақтарда дін мен дәстүрдің қаймағыбұзылмауына өз үлесін қосып жүрген имамдардың жұмысына бұлда бір жаңа серпін болды. «Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады» деген атаумен ашылған жиында отаншыл, ата-анасын қадірлейтін, адал ұрпақ тәрбиелеуде өлшеусіз  үлестерін қосып жүрген дін қызметкерлеріне бас мүфти де өз атынан алғысын білдірді.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT