Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Жолдауында құрылыс саласын жаңғырту – мемлекет дамуының негізгі басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды. Мемлекет басшысы құрылыс ісіндегі ашықтық пен сапа – елдің өркендеу деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіш екенін атап өтті.
Жаңа Құрылыс кодексінің қабылдануы – осы бағыттағы жүйелі өзгерістердің бастауы. Бұл кодекс:
жобалау мен рұқсат алу рәсімдерін жеңілдетеді;
құрылыс сапасын бақылауды күшейтеді;
тұрғындардың құқықтарын қорғауға басымдық береді.
Махамбет ауданында да құрылыс саласында айтарлықтай серпін бар. Соңғы жылдары әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер бой көтеріп, елді мекендердің келбеті жаңаруда.
Құрылыс – ел экономикасының айнасы. Әрбір салынған ғимарат сапалы әрі заманауи талаптарға сай болса, бұл – ауданның да, елдің де абыройы.
Сапалы құрылыс – тек ғимарат емес, ол халықтың игілігі мен ертеңгі күнге деген сенімінің нышаны.
С.Сарбаева
Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы