Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлінді. Президент халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту қажет екенін атап өтті.
Денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бағытында дәрігерлердің әлеуметтік мәртебесін көтеру, ауылдық жерлердегі медициналық нысандарды жаңарту және заманауи технологиялар енгізу көзделуде. Бұл бастамалар ауыл тұрғындарының дәрігерге уақтылы қаралуына, сапалы ем алуына және жалпы өмір сапасының артуына жол ашады.
Сондай-ақ ауылдық елді мекендерге жаңа ауруханалар мен фельдшерлік-акушерлік пункттер салу, медициналық кадрларды тарту — елдің әлеуметтік тұрақтылығы мен болашағы үшін маңызды қадам.
Денсаулық — әр азаматтың ғана емес, тұтас ұлттың байлығы. Сондықтан Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру – баршамыздың ортақ парызымыз.
К.Избулова,
Ақтоғай ауылының тұрғыны