Ауыл көркеюі - ортақ міндет, ортақ жауапкершілік

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы – еліміздің жаңа даму кезеңіне бағытталған стратегиялық бағдарлама. Мемлекет басшысы бұл құжатта экономиканы әртараптандырумен қатар, ауыл шаруашылығын жаңғырту, еңбек өнімділігін арттыру, жер мен суды тиімді пайдалану, ауыл инфрақұрылымын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Осы бағыттағы міндеттерді орындау мақсатында Махамбет ауылдық округі әкімдігі нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Ауылда абаттандыру, көгалдандыру, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу және әлеуметтік нысандарды жаңарту сынды шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және жастарды еңбекке тарту бағытында да нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді.

– Біздің басты мақсатымыз – тұрғындардың әл-ауқатын көтеріп, ауыл өмірін көркейту. Президент Жолдауында айтылған міндеттер ауылды дамытуға нақты бағдар береді. Осы тапсырмаларды орындау – баршамыздың ортақ парызымыз.

Н.Сапаров,

Махамбет ауылдық округі әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT