Құрылтай барысында көтерілген жастар саясаты, білім мен тәрбие, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері жастармен тікелей жұмыс істейтін біз үшін аса өзекті. Мемлекет басшысының жастардың әлеуетін ашуға, олардың қоғамдағы белсенді рөлін күшейтуге бағытталған нақты тапсырмалары алдағы жұмысымызға серпін береді.
Жастар ресурстық орталығы өз кезегінде Президент бастамаларын қолдап, жастардың білімді, саналы, елжанды болып қалыптасуына, олардың әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруға бар күшін салатын болады. Ұлттық құрылтайда айтылған әрбір идея – болашаққа жасалған маңызды қадам деп білеміз.
Махамбет аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы А. Қонысбаев


