Құрылтай – ел болашағына бағытталған маңызды бастама.

Ұлттық құрылтай – қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогты нығайтып, ел дамуының басым бағыттарын айқындайтын маңызды алаң. Мемлекет басшысының Құрылтай отырыстарында көтерген бастамалары білім беру саласының дамуына да тың серпін беріп отыр.
Құрылтайда айтылған сапалы білім беру, жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, патриоттық рухты күшейту жөніндегі ойлар бүгінгі мектеп өмірімен тығыз байланысты. Білім ордалары тек білім беріп қана қоймай, саналы, жауапты, ел болашағына бейжай қарамайтын азамат тәрбиелеуі тиіс. Бұл тұрғыда Құрылтайда көтерілген мәселелер мектеп ұжымдары үшін нақты бағыт-бағдар болып отыр.
Бүгінде тәрбие жұмысына ерекше мән беріліп, оқушылардың рухани-адамгершілік дамуына, ұлттық тәрбиеге басымдық берілуде. Ұлттық құрылтайда қозғалған бастамалар осы мақсаттарды жүзеге асыруға толықтай үндеседі. Қоғам мен білім саласы бірлесе жұмыс істегенде ғана тұрақты даму мен жарқын болашаққа қол жеткізуге болады.

Тоқтарбеков Айбек Манарбекұлы,
Д. Төленов атындағы мектептің уақытша директор қызметін атқарушы

#ҰлттықҚұрылтай #БілімБерудіДамыту #МектепТәрбиесі #ҰлтБолашағы #ЖасҰрпақ #РуханиТәрбие #ПатриоттықТәрбие

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT