Бұған дейінгі өткен Құрылтай отырыстарында қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бірнеше заң қаралған еді. Олардың қатарына тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес те, ұлттық құндылықтарды нығайтуға бағытталған бастамалар да бар.

 Ұлттық құрылтайдың әр отырысы нақты нәтижеге жұмыс істеп келеді.  Оның оң ықпалы қазірдің өзінде байқалып отыр. Әр отырыста көтерілген мәселелер ауқымы өте кең.  Құрылтай құрамындағы 100-ден астам мүше әр сала, әр өңірден жинақталған түйткілдерді ортаға салады. Бұл ұсыныстар елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына ғана емес, жалпы қауіпсіздікке, мәдениет пен өнер саласына да қатысты мәселелерді қамтиды. Өткен жылы аймақтардың  дамуы бойынша бірқатар бастама іске асты. ҚР Өңірлік даму тұжырымдамасы қабылданды. Құжаттың басты міндеті- халықты негізгі инфрақұрылымдардың тең дәрежесінде қамтамасыз ету. Өңірлердегі негізгі мәдени-туристік іс-шаралардың тізбесі жасалған.  Үш жылда Қызылорда аймағында 45 мәдениет және спорт нысаны салынған екен. Екі жылдың ішінде елімізде 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделетін болды. Ауданымызда мәдениет үйлері жөнделіп, адағы уақытта жаңадан бой көтеретін мәдени ошақтар да бар.  Ұлттық құрылтайды  өз басым  ел болашағы талқыға түсетін ашық алаң деп ойлаймын.

Жандос Дүйсембаев,  аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру  және спорт бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT