МАХАМБЕТ АУЫЛЫНДА 60 ҮЙДІ ҚАМТИТЫН КӘРІЗ СУЛАРЫН ӨТКІЗУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР. БҰРЫНҒЫ КӘРІЗ СУ АЙДАУ СТАНСАСЫНЫҢ ТОЗУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АУЫЛДА ЖАҢА МОДУЛЬДІ КӘРІЗ СУ АЙДАУ СТАНСАСЫ ОРНАТЫЛУДА.
Аудандық «Махамбет-Су» ШМҚ КМК директоры Жанболат Амантұрлының айтуынша, жаңғырту жұмыстары аясында диаметрі 200 миллиметр болатын 400 метр кәріз құбыры толықтай ауыстырылған.
– «Шұғыла» мөлтек ауданындағы №55 және №56 үйлердің кәріз су айдау стансасы әбден ескірген. Осыған байланысты жаңа модульді станса орнатылып жатыр. Сонымен қатар әр үйге автоматты режимде жұмыс істейтін шағын су айдау модульдері қойылады. Бұл тұрғын үйлерден кәріз суларын үздіксіз әрі қауіпсіз шығаруға мүмкіндік береді,- деді Ж.Амантұрлы.
Жаңғырту жұмыстары 10 күн ішінде толық аяқталып, жаңа кәріз жүйесі пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Қ.БАҒЫТ


