Ауыл шаруашылығын дамыту – елдің тұрақты дамуының кепілі

Мемлекет басшысының Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту, өнімділікті арттыру және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері нақты әрі жүйелі түрде көрсетілген.

Жолдауда белгіленген міндеттер ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге және фермерлерді қолдауға бағытталған. Бұл өз кезегінде азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, экспорттық әлеуетті дамытуға және өңірлік экономиканы көтеруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Жолдауда ауылдық жерлерде инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және жастарды ауыл шаруашылығы саласына тарту мәселелері де ерекше атап өтілген. Бұл шаралар елдің аграрлық секторын жаңғыртуға және тұрақты өсімге қол жеткізуге ықпал етеді.

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту – елдің болашағына жасалған маңызды қадам.

Г. Жолдaсқали

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT