Контейнерлік тасымалды дамыту – Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру жолы

Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің көлік-логистика саласын дамытуға ерекше назар аударылған. Бұл – Қазақстанның географиялық орналасуын тиімді пайдалану арқылы ұлттық экономиканы нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Жолдауда көтерілген бастамалар қазіргі жаһандық сауда мен тасымал жүйесіндегі өзгерістерге сай келеді.

Президент контейнерлік жүк тасымалын жандандыру үшін Үкіметке арнайы бағдарлама қабылдау қажеттігін атап өтті. Бұл бастама көлік саласындағы жүйелі мәселелерді шешуге және халықаралық транзиттегі бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе мультимодальді бағыттарды дамыту – теміржол, автокөлік, теңіз және әуе тасымалдарын өзара тиімді байланыстыруға жол ашады. Мұндай кешенді тәсіл логистикалық шығындарды азайтып, жеткізу мерзімін қысқартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, цифрлық технологияларды енгізу арқылы тасымал үдерістерінің ашықтығы мен тиімділігі арта түседі.

Жолдауда ұсынылған контейнерлік және мультимодальді тасымалды дамыту шаралары Қазақстанның транзиттік әлеуетін толық іске асыруға бағытталған. Бұл бастамалар ел экономикасының тұрақты өсуіне, халықаралық серіктестіктің кеңеюіне және жаңа инвестиция тартуға негіз болады. Мемлекет басшысының бұл тапсырмалары – Қазақстанды өңірлік көлік-логистика хабына айналдыру жолындағы нақты әрі маңызды қадам.

 

Г.ЖОЛДАСҚАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT