Есірткі – қоғам дерті

Қазіргі таңда есірткі мәселесі бүкіл әлемді ғана емес, біздің ауданымызды да алаңдатып отырған күрделі әлеуметтік проблемаға айналды. Есірткі адам денсаулығына, болашағына және қоғамның дамуына үлкен қауіп төндіреді. Бір рет қызығушылықпен басталған әдет кейін қайтарылмас өкінішке алып келуі мүмкін. Сондықтан бұл мәселе әрбір азамат үшін маңызды.

Есірткінің ең үлкен зияны – адамның денсаулығын жоюы және психологиялық тәуелділік тудыруы. Есірткіге тәуелді адам уақыт өте келе отбасынан, достарынан алыстап, қылмысқа баруы мүмкін. Ауданымызда жастар арасында есірткіге әуестік көбеймес үшін мектептерде түсіндіру жұмыстары, спорттық және мәдени іс-шаралар жиі ұйымдастырылуы қажет. Жастар бос уақытын пайдалы істерге жұмсаса, жаман әдеттерден алыс болады.

Есірткіге қарсы күрес – тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әр ата-ана баласына дұрыс тәрбие беріп, әрбір жас өз болашағы үшін жауапкершілікпен қарауы керек. Таза өмір салтын таңдау – жарқын болашақтың кепілі. Есірткісіз қоғам құру – баршамыздың қолымызда.

 

Г.СӘДУАҚАСОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT