Конституциялық өзгерістер – халық мүддесі

Бұл құжат мемлекеттің емес, қоғам мен азаматтың мүддесін алдыңғы орынға қояды. Бұрын Конституция мемлекет қалыптастыру қағидатына негізделсе, енді кемел қоғам құру, адам қадірін арттыру және биліктің халық алдындағы жауапкершілігін күшейту басты ұстаным ретінде айқындалды.

Жаңа жобада халықтың саяси мәртебесі де жаңаша белгіленді. Халық енді биліктің бастауы ғана емес, ел тағдырына тікелей ықпал ететін егемендік иесі ретінде танылды. Бұл – демократиялық жүйені нақты мазмұнмен толықтыратын маңызды өзгеріс.

Сонымен қатар мемлекетке деген көзқарас та өзгерді. Мемлекет енді өзіндік мақсат емес, азаматтардың еркі мен сұранысын жүзеге асыратын құрал ретінде қарастырылады. Яғни биліктің қоғамға қызмет ету қағидасы Конституциялық деңгейде нақты бекітілді.

Аталған өзгерістер әділетті, ашық әрі жауапты қоғам қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан жаңа Конституция жобасын қолдаймын.

Биғайша Құмарова
Бақсай ауылдық округі Аналар кеңесінің төрайымы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT