Депутаттар бес жылға сайланады

Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында тарихи шешімдер қабылданды.  Президент парламенттік реформа бойынша жартыжылда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, бірқатар маңызды мәлімдемелер жасады.  Бұл бастамалар өте орынды да.  Жаңа Парламентке Құрылтай атауы берілетін болды.  Бірпалаталы Парламенттегі депутаттар саны  145 болып өзгереді.  Ал комитет саны 8 ден аспайды. Депутаттарды  5 жылға сайлау көзделіп отыр.  Барлық депутаттар пропорционалды жүйе бойынша сайланады.  Ал Парламенттегі Президент квотасы, депутаттар ішінде таңдаулы танымал тұлғалар болмайды.  Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы да алынып тасталды.  Бұл бастама елдегі саяси партиялардың беделін нығайтады. Аймақтардағы мәслихат депутаттарын сайлауда мажоритарлы жүйе сақталады. Бұл жергілікті тұрғындардың үнін естуге мүмкіндік береді деп ойлаймын.  Алайда жастарға, әйелдер мен ерекше қажеттілігі бар азаматтарға берілетін квота сақталып қалады.  Парламентке өткен партиялар құрамының 30 пайызы осы санаттағы депутаттар болуы тиіс.  Парламентке өту 5 пайыз межеде қала береді.  Сонымен қатар Конституциялық сот, Жоғарғы  аудиторлық палата, Орталық сайлау комиссиясының барлық мүшелері тек Парламент келісімімен ғана тағайындалады.  Болашақ бірпалаталы Парламент депутаттары Президент ұсынған Жоғарғы соттың барлық судьяларын сайлайды.
Ерлан Қуанышев, аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT