Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-шара

Атырау облысы Махамбет ауданында ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстардың алдын алуға бағытталған «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды аудандық полиция бөлімі.

Аталған іс-шара 2026 жылдың 1 ақпаны мен 30 сәуірі аралығында аудан аумағында өткізіледі. Оның негізгі мақсаты – интернет және басқа да ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу және ашу.

Іс-шара барысында әлеуметтік жарнама платформаларында жасалған алаяқтық деректері, порнографиялық материалдарды заңсыз тарату фактілері, сондай-ақ интернет қолданушыларға қатысты бұрын тіркелген алаяқтық қылмыстар зерделенеді.

Осыған байланысты Махамбет аудандық полиция бөлімінің криминалды полиция қызметкерлері тұрғындарды интернет-алаяқтықтан сақ болуға шақырып, жеке деректерді қорғау және күмәнді ұсыныстарға сенбеу қажеттігін ескертеді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT