Конституция – елдің құқықтық негізін айқындайтын, қоғам өмірінің барлық саласына бағыт-бағдар беретін басты құжат. Қазақстан Республикасының Конституциясы – тәуелсіз еліміздің даму жолын, мемлекеттік құрылымын және азаматтардың құқықтары мен міндеттерін нақтылап берген маңызды заң.
Негізгі заңда адам құқығы ең жоғары құндылық ретінде танылады. Әр азаматтың ар-намысы, еркіндігі мен теңдігі қорғалады. Сонымен қатар билік тармақтарының өзара тепе-теңдігі, заң үстемдігі және қоғамдық келісім қағидаттары бекітілген.
Конституция – тұрақтылық пен бірліктің кепілі. Ол мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, елдің болашаққа сенімді қадам жасауына негіз қалайды. Сондықтан әрбір азамат Конституция талаптарын құрметтеп, оның қағидаларын өмірде ұстануы қажет деп ойлаймын.
#Конституция


