Аудандық коалицияның алғашқы жиыны өтті

Махамбет ауданында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалиция құрылды. Коалицияның негізгі мақсаты – алдағы республикалық референдумға ұсынылған өзгерістерді тұрғындарға жан-жақты әрі түсінікті түсіндіру, қоғамда ашық диалог қалыптастыру және азаматтардың саяси науқанға саналы қатысуына мүмкіндік жасау.

Құрылтай жиынына саяси партиялардың өкілдері, мәслихат депутаттары, зиялы қауым мүшелері, қоғамдық белсенділер мен жастар қатысты. Жиында ел болашағына қатысты маңызды кезеңде қоғам бірлігі мен жауапкершілігінің, қоғамдық келісім мен азаматтық белсенділіктің маңызы жан-жақты талқыланды.

Басқосу барысында сөз сөйлеген Руслан Әженов референдумның мәні мен  маңыздылығына кеңінен тоқталып, бұл саяси науқанның ел дамуы жолындағы тарихи қадам екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар аталған бастаманың мемлекет болашағына тікелей ықпал ететінін жеткізді.

Аудандық коалиция құрамына түрлі саяси партиялардың өкілдері, партиялық жақтастар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен жастар белсенділері енді. Үгіт-насихат кезеңінде коалиция мүшелері бекітілген желілік кестеге сәйкес офлайн форматта кездесулер, пікірталастар мен түсіндіру іс-шараларын өткізуді жоспарлап отыр.

Аудандық коалицияның алдағы жұмысы қоғамды топтастыруға, әрбір азаматтың пікірін ескеруге және елдің болашағына қатысты маңызды шешімге белсенді қатысуына бағытталмақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT