Көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылды

Аудандық сотта азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Махамбет аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық бұзушы алкогольдік масаң күйде көлік құралын Атырау-Орал тас жолы 29 шақырымында басқарып келе жатып, басқару жүйесін игере алмай, бір бағытта келе жатқан жәбірленушінің басқаруындағы көлік құралына басып озу кезінде соқтығыс жасаған.

Нәтижесінде жәбірленушінің көлік құралы бүлініп, оған материалдық залал келтiрілген. Сот отырысында құқық бұзушының әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсі сотта зерттеліп, іс-құжаттарымен дәлелденген.

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

"Жайық-Ақпарат"

"Сурет: дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз