Ауыл әкімі І орын жүлдегері

Жеңісіңіз құтты болсын!

Атырау қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында “Үкілі домбыра” атты облыстық байқауы өтті.

Аталмыш шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен 23 маусым мемлекеттік қызметшілер күніне арналған болатын. Оған қала мен аудандардан 6 қатысушы іріктеліп алынды.

kui15621

Махамбет ауданынан бақ сынаған Ақжайық ауылдық округінің әкімі Сайлаубай Жұмағалиев мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік екенін көрсетті. Оның байқауға қызу дайындықпен келгені көрініп ақ тұр. Ұлттық нақыштағы киімімен сахна төрінде Ақан серінің әнін нақышына келтіріп орындап, қоңыр дауысымен қазылар алқасын тәнті етті.

Барлық кезеңде қатарластарынан оза шапқан Ақжайық ауылдық округінің әкімі Сайлаубай Жұмағалиев байқау қорытындысымен І орын иегері атанды.

Жеңісіңіз құтты болсын!

"Жайық-Ақпарат"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521