Мұсылман әлемінің қиыр солтүстіктегі ең үлкен аймағы саналатын елімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті съезінің ресми ашылуы өтіп, оған түрлі діндер мен халықаралық ұйымдардың беделді өкілдері қатысты.
VIII съездің ашылуында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың діни конфессиялар қай заманда да адамдарға түрлі қиындықтар мен тауқыметтерді еңсеруге көмектескенін, сондықтан адамның рухани қажеттілігі туралы сөз қозғалғанда, оның дүниелік мұқтаждықтарын да қаперден шығаруға болмайтынын атап өтті. Ол:
–Отыз жыл бұрын біз Ислам ынтымақтастығы ұйымының мүшесі атандық. Осы беделді бірлестік аясында Қазақстан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының құрылуына бастамашы болды. Дін қайраткерлері әрқашан адамдарды жігерлендіріп, игі іс жасауға, жоқ-жітікке жәрдемдесуге шақырады. Діни қауымдар гуманитарлық миссиялар мен еріктілер бағдарламасын іске қосып, мектеп пен аурухана ашады. Жастар мен әлеуметтік әлсіз топтарға қамқорлық көрсетіп, климат пен миграция мәселесін қозғайды. Бұл XXI ғасырда да діннің жасампаз күшке ие екенін тағы бір дәлелдейді. Оның мүмкіндігін толық пайдалану қажет, – деді Президент.
Дін адам санасын тәрбиелейді, тұтас қоғамның дамуына мәдениетінің гүлденуіне, бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауына ықпал етеді. Сондықтан діннің мәнін дұрыс түсініп, оның шынайы құндылықтарын бағалай білу – әрбір саналы азаматтың борышы.
Н.Ибайдуллаев,
Аудандық " Исатай-Махамбет" мешітінің бас имамы