Қазақстан – бейбітшілік пен келісім ордасы

Елорда төрінде өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің негізгі мақсаты – түрлі дін өкілдерінің басын қосып, адамзат баласын алаңдатқан өзекті мәселелерді бейбіт жолмен шешуге үндеу. Мұндай ірі халықаралық форумның дәстүрлі түрде Қазақстанда өтуі елімізге деген жоғары сенім мен құрметтің айғағы. 

Жыл өткен сайын форумның халықаралық аренадағы беделі артып келеді. Түрлі дін өкілдері арасындағы түсініспеушілікті азайту, ұлтаралық және дінаралық татулықты нығайту – осы съездің басты жетістіктерінің бірі. Әсіресе радикализм мен экстремизмге қарсы күресте мұндай диалог алаңының орны ерекше.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі — бейбітшілік пен рухани келісімнің нышаны. Бұл съезд арқылы Қазақстан жаһандық қауіптерге қарсы тұруда өз үлесін қосып, халықаралық диалог мәдениетін қалыптастыруда алдыңғы қатарда келе жатқанын дәлелдеді.

Дінаралық татулықты сақтау, түрлі сенім мен мәдениеттерді ортақ мүдде жолында біріктіру – болашақтың баянды болуына бастар жол. Осы жолда Қазақстанның атқарып жатқан рөлі зор әрі құрметке лайық.

Б.МӘЛІКҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT