ПРЕЗИДЕНТ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІНЕ, «ҚР КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ. БИЗНЕС ҮШІН ЕСЕП БЕРУ АЗАЙЫП, МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТҚА САЙ САЛЫҚПЕН ӘКІМШІЛЕНДІРУ ЕДӘУІР ЖЕҢІЛДЕЙДІ. САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПТІК КӨЛЕМІ-30 ПАЙЫЗҒА, САЛЫҚТАР САНЫ 20 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ 16 ПАЙЫЗ БОЛЫП БЕКІТІЛІП, ОНЫҢ ШЕГІ 10 МЛН ТЕҢГЕ БОЛДЫ. ДӘРІ-ДӘРМЕК ПЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ КЕЛЕР ЖЫЛЫ 5 ПАЙЫЗ, АЛ 2027 ЖЫЛЫ 10 ПАЙЫЗ БОЛАДЫ ДЕП КҮТІЛУДЕ. ЯҒНИ ЖЕҢІЛДІК ЖАСАЛЫП ОТЫР. АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ҚЫЗМЕТІ МЕН БАСПАЛАР САЛЫҚТЫҢ АТАЛҒАН ТҮРІНЕН БОСАТЫЛАДЫ.
Сонымен қатар зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері жеке бас салығынан босатылды. Корпоративтік салықтар 20 пайыз деңгейінде сақталды. Банктер мен ойын бизнесі үшін алым – 25 пайыз. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 3 пайыз жеңілдетілген мөлшерлеме қалады. Жаңа салық кодексіне сай жылдық табысы 33 млн теңге алатын азаматтардан 15 пайыз алым алынады. Сондықтан құны 75 млн теңге қымбат автокөліктер мен құны 450 млн теңгеден асатын нысандарға мүлік салығы жоғарылайды. Арнаулы салық режимдері оңтайландырылды.
БИЗНЕСТІ САЛЫҚТЫҚ БАСҚАРУ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
Бұл ретте тегін медициналық көмек(ТМК) кепіл берілген көлемі(ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медсақтандыру (МӘМС) аясында қызметтер. Үкімет айқындайтын тізбе бойынша орфандық және әлеуметтік мәні бір ауруларды емдеу ҚҚС-тан босатылады. Мерзімді басылымдарды өткізу бойынша 10 пайызға дейін төмендетілген ҚҚС мөлшер белгіленген. ҚҚС бойынша міндетті есепке қою үшін айналымның төменгі шегі 10 мың айлық есептік көрсеткішке(40 млн т) төмендетілді. Пайдалану мерзімі 10 жылдан жоғары автомобильдер үшін көлік құралы салығы төмендетілді. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік салықтық шегерімдер 882-ден 5000 АЕК-ке ұлғайтылды. Салықтар саны азайды. Бірыңғай жер салығы қысқартылды, жеке төлемақылар бойынша мөлшерлемелер мен алымдар саны кемітілді. Арнаулы салық режимдері оңтайландырылды. Олар үш жағдайда қолданылады: өзін- өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңтайлатылған декларация негізінде және шаруа қожалықтары үшін. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар төлемдерді мобильдік қосымша арқылы есептеп, төлей алады.
ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫН КІМДЕР ТӨЛЕЙДІ?
Жеке кәсіпкер, ЖК, ЖШС қызметін жүргізу кезінде кәсіпкерлер белгілі бір сәттен бастап ҚҚС төлеуші ретінде тіркелу міндеті туындауы мүмкін екенін ескеруі керек. Бұл ретте ҚҚС бойынша өз еркімен есепке тұруға болады. Қосылған құн салығы бұл бюджетке аударым-тауарлардың, жұмыстарды, қызметтерді өндіру, айналыс процесіне қосылатын сату бойынша салық салынатын айналым құн бөліктері.
-Салық салынатын импорт құны бөліктері (ҚР аумағына тауарлар импорты кезінде. Бұл ретте салық салынатын айналым – ҚҚС төлеуші жасайтын Қазақстандағы тауарлар, жұмыстар, қызметтер (ТЖҚ) өткізу жөніндегі айналым. Салық салынатын импорт ҚР аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар (ҚҚС босатылғаннан басқа) жатады.
ҚҚС БОЙЫНША МІНДЕТТІ ЕСЕПКЕ ҚОЮ
ҚР Салық Кодексінің 82 бабы 1 тармағына сәйкес ҚҚС бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қойылуы тиіс: 1. Резидент заңды тұлғалар. 2. ҚР-да қызмет филиал не өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар. 3. Жеке кәсіпкер. 4. Жеке практикамен айналысатын тұлғалар. ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін ең төменгі айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, тиісті қаржы жылының 1 қаңтардағы қолданыста болатын АЕК-тің 20 000 еселенген мөлшерін құрады. 2024 жылы АЕК 3682 теңге мөлшерінде белгіленген. Демек, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін ең төменгі айналым 73840 000 т. Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын ЖК республикалық бюджет туралы заңда белгіленген. 124184 АЕК, қолма- қол ақшасыз нысанда жасалған (яғни банк карточкалары арқылы сатып алушының есеп айырысу) үш компонентті интеграцияланған жүйені (ҮИЖ) пайдалана отырып, айналым минимумына ЖК айналымдары енгізілмейді. Сондықтан айналымның минимумына бөлшек салықтық арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушінің айналымы кірмейді. Кәсіпкердің бәрі бірдей ҚҚС төлемейді. Дәрі-дәрмек, акциздік маркалар, түсті, қара металл сынықтары қалдықтарын сататындар салықтан босатылған.
ҚҚС-ты кім төлейді? Салықты ЖК, ЖШС, басқа да заңды тұлғалар, елде филиалдары бар бейрезиденттер, адвокаттар, нотариустар, бағалаушылар, жекеше тәжірибемен айналысатын басқа да тұлғалар төлейді. Ал кімдер төлемейді? Егер айналымда айтылған шектерден аспаса онда кәсіпкер ҚҚС бойынша есептен бас тартып, салықты төлемеуіне болады. БЖС-дағы шаруа қожалықтары, фермер шаруашылықтары (егер ШҚ өз жұмысына керек тауарларды импорттаса, онда ол ҚҚС-дан босатылады).
–автомобильдер мен ауылшаруашылық машиналарына арналған бөлшек өндірушілер.
-бөлшек салық төлеушілер (қажет болған жағдайда бөлшек сауда салығын төлеушілер ҚҚС бойынша есепке тұра алады).
- Бекітілген шарттарды сақтай отырып, еркін экономикалық немесе логистикалық аймақ аумағынан тауар импорттайтын компаниялар. ЕЭҚ бұл Қазақстандағы басым қызмет түрі бойынша компаниялар үшін ерекше құқықтық режимі бар аймақ-салалық бағдар бойынша 14 арнайы экономикалық аймақ бар. Логистика мәртебесі бар ЕЭА дәл сол ЕЭА сияқты, бірақ мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктіне іргелес аймақ. Оның аумағына әкелінетін тауарлар кедендік декларациялауға жатпайды.
«СӘН-САЛТАНАТ» САЛЫҒЫ КІМДЕРГЕ ТИЕСІЛІ?
Ол қандай салық? Оны кімдер төлейді? Бұдан екі жыл бұрын 2023 жылы жаңа салық кодексіне «Сән- салтанат» салығы енгізілетіні туралы да айтылған еді. Байлықтан басы айналып, шалқып жүргендердің мемлекетке төлейтін салығы артатын болды. Жалпы Қазақстанда 12 мыңнан аса адамның ай сайынғы жалақысы 3 млн. 300-ден асады (2023). Яғни әр адамның жылдық табысы – 40 млн. Осы соманың 10 пайызын – 11 млн. теңгесін салыққа төлейді. Одан артық тапса, төлейтін салығы да көбейеді. Егер жылдық табыс 50 млн теңге болса, 10 млн. теңгеден артық табысынан 15 пайызын салыққа төлейді. Яғни жылына 7,5 млн. теңге салыққа береді. Бұдан бөлек «сән-салтанат» салығы енгізіледі. Бұл норма жеке яхтасы, ұшағы, бірнеше пәтері, қымбат көліктері барларға тікелей қатысты. Тіпті несиеге алса да салық төлеуге міндеттеледі.
Министр Ә.Қуантыров: «Біз қымбат мүліктерге қатысты салық енгізгелі жатырмыз. 200 мың доллар көлігін несиеге алса да «сән-салтанат» салығын төлеуге міндеттеледі. Бірақ сән-салтанат салығы айфон сынды қымбат телефондарға мүлдем қатысы жоқ. Бұл заттар «сән-салтанат» байлығына жатпайды»-деген еді.
Президент Қ.Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың 4-ші отырысында қосылған құн салығын көтеруге қатысты пікірін білдірген еді. Ол салық жүйесіндегі реформаға тоқталғанын білеміз. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Бюджетте қаржы болмаса, мемлекет өз міндетін толық атқара алмайды, әлеуметтік міндеттемелер де орындалмайды» -деді. «Еліміз үшін аса қажет шаралардың мән-маңызын халыққа егжей-тегжейлі түсіндіру керек. Жұрттың бәрі экономист, қаржыгер емес. Мемлекеттің қандай шараны не үшін қолға алып жатқанын бәрі бірдей түсіне бермеуі мүмкін. Сондықтан реформаның мәнін адамға түсінікті тілмен жеткізу керек. Үкімет салық реформасына қатысты жаңа тәсілдерді ұсынды. Бұл шаралар жалпы алғанда дұрыс. Онда негізгі экономикалық және әлеуметтік факторлар ескерілген деп мәлімдеген. Мемлекет басшысының сөзінше кәсіби мамандар да, жалпы жұрт та қосымша құн салығының мөлшерлемесін көтеру қажет екеніне түсіністікпен қарайды. Дегенмен, ұсынылған шараларға, соның ішінде қосымша құн салығына қатысты ұсыныс-пікірлер де бар. «Бірақ мұндай пайым шынайы ахуалға негізделмеген. Түрлі себепке байланысты өзіне ауқымды әлеуметтік міндеттеме алмайтын елдер аз емес. Ал Қазақстанның бюджет қаржысының жартысынан көбі – әлеуметтік саланың еншісінде. Біздің еліміз – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан білім, денсаулық салаларына инвестиция салуды жалғастырамыз. Бұл – біздің конституциялық міндетіміз. Бірақ шын мұқтаж азаматтарға ғана көмек көрсетілуі керек. Қызметін асыра пайдалануға, алаяқтыққа жол берілмейді. Сондықтан басымдық берілмеген жобаларға бөлінетін қаржы азаяды. Бұл қажет шара екені айдан анық»-деген еді.
Президент елде кәсіпкерлердің екі тобы болғанын жеткізді. Олар заңнамадағы олқылықты пайдаланып, салық салынатын табысты өзі үшін азайтып көрсететіндер және барлық салықты адал төлейтіндер. «Кәсіпкерлердің осы 2-ші тобы бәсекеге төтеп бере алмай жатыр. Үкімет салық төлеуден жалтару үшін бизнесін бөлшектейтіндердің әрекетіне орынды назар аударды. Өніміне қарай мұндай жағдай жаппай белең алған»-дейді Қ.Тоқаев. Ол ахуалды шұғыл түзеу керектігін мәлімдеді.
-«Заңнамадағы олқылықтар бизнесті бөлшектеуге жол беріп отырғанын мойындау керек. Бұл мәселеге Үкімет те, депутаттар да жете мән бермеген. Тағы да әдемі көрсеткіштерге әуестеніп кеттік. Елімізде 2 млн-нан астам салық төлеуші, яғни жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар тіркелген деседі. Бірақ олардың қандай кәсіпорындар екеніне, қалай пайда болғанына, қанша салық төлейтініне, оны төлеп жатыр ма, жоқ па дегенге еш таңдау жасалмаған. Бірақ құр кінәлаудан іс оңға баспайды. Енді ахуалды шұғыл түзету қажет. Үкімет пен Парламентке айтарым, заңнамаға жедел түрде тиісті түзетулер енгізу керек»- дегенді қосты Президент.
Ойын бизнесінің салығын да көбейту көзделген. Бес жылда ол бизнестің табысы 35 есе өскен. Бұл бизнестің құмар ойын салығы 30 пайыз көтеріледі. Жер қойнауын пайдаланатындар салығы да жоғарылайды.
ҚР Қаржы министрінің орынбасары Е.Біржановтың айтуынша: «Одан кейін біз салық кодексіне сервистік модель енгізу шеңберінде Президенттің тапсырмасы бойынша оқыту жұмыстарын, кеңес жұмыстарын кеңінен қолданамыз. Міндетті түрде салық төлеушілер салық органына келуге міндетті емес. Барлығын инструкция ретінде қысқаша ролик ретінде әлеуметтік желіні қолдану керек».
Бұған дейін салық төлеушінің 100 теңге қарызы болса, салық мекемесі тарапынан барлық шоттары бұғатталатын. Енді бұл талап алынып тасталды.
ҚАНДАЙ САЛЫҚТАР АЛЫНЫП ТАСТАЛАДЫ?
Елімізде жаңа Салық кодексінде салық жүйесін жеңілдету мақсатында бірқатар салық пен төлем алып тасталатын болды. Салық мәселелері жөніндегі сарапшылардың айтуынша, бірнеше салық пен алым қысқартылып, жалпы салықтық жүктеме азаяды. Атап айтқанда, бірыңғай жер салығы жеке табыс салығымен қайталанып келгендіктен жойылады. Сыртқы жарнама үшін төлем де алынып тасталады. Кейбір қызмет түріне арналған лицензия алымы да жойылады. Сонымен қатар 6 түрлі алым, 5 мемлекеттік баж да жойылады.
Салық кодексі ерекшелігі неде? Қор нарығын ынталандыру үшін биржалы құнды қағаздарға төленетін дивиденттерге салық жеңілдіктері сол күйі сақталады. «Бәйтерек» холдингі шығарған құнды қағаздардан түсетін кіріс 2031 жылға дейін КТС-тен босатылады. Жеке тұлға үшін қымбат өнімдерге, атап айтқанда, құны 75 млн теңгеден асатын автокөліктерге, құны 100 млн теңгеден асатын кемелерге, әр литрінің құны 500 млн теңгеден асатын алкогольге, әр данасы 10 мың теңгеден асатын темекі өнімдеріне 10 пайыз акциз түрінде салық салынады. Жалпы құны 450 млн теңгеден асатын жылжымалы мүлік нысандарына мүлік салығы жоғарылайды. Салықтың әкімшілендіру тәсілдері айтарлықтай өзгереді. Камералдық бақылау ескерту сипатында болады. Салықтық берешекті өндіріп алу, төлемді кейінге қалдыру және бөліп төлеу мүмкіндігін беру процедуралары жеңілдетіледі. Салық процедуралары аз болса, бизнестің есепшоттары бұғатталмайды. Қарыз сомасына қарай ескерту, басқа да шаралар кезең-кезеңімен қолданылады. Кодекс 2026 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді.
А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА