Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен 2018 жылы шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні жарияланған болатын. Ұлттық кодымызды қайта жаңғыртуға бағытталған айтулы мерекенің әр қазақ баласына берері мол екені айтпаса да белгілі. Мереке қарсаңында бабаларымыздан мирас боп қалған ұлттық аспапты жанына серік етіп, күй өнерін жандандырып жүрген жерлестеріміз жөнінде жазуды жөн көрдік.
Белгілі домбырашы, күйші Серікқали Тәжіғалиұлы алғаш еңбек жолын Құрманғазы атындағы академиялық ұлт-аспаптар оркестрінде бастап, осы ұжымда домбырашылар тобының концертмейстері, жеке орындаушысы болып, 20 жылдай жемісті еңбек еткен. 2000 жылдан Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясын Атырау музыка колледжінде ұстаздық қызмет атқарған. Оркестр құрамында көптеген шет мемлекеттерде, атап айтсақ, Греция, Қытай мемлекеттерінде жеке орындаушы болып, өнер көрсеткен. Ол кісі оркестр құрамында жүріп, Қазақстанның көптеген мәдени шараларына қатысқан. Мәселен, Таллин қаласында өткен Қазақстанның мәдени күндеріне, Мәскеу, Новосибирск қалаларында өткен фестивальдарға қатысқан. Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Астана қаласында Президент сарайында Д.Нұрпейісова атындағы халық аспаптар оркестрінің құрамында өнер көрсетіп, көрермендер қошеметіне бөленген. Көптеген беделді орындаушылар сайыстарына қазылар алқасы құрамына да шақырылды. 2020 жылы Алматы қаласында «Қазақстан» телеарнасының шақыртуымен «Ұлы дала сазы» бағдарламасына түсіп, Құрманғазы, Дәулеткерей күйлерін «Алтын қорға» жазды. 2020 жылы Астана телеарнасында «Домбыра» бағдарламасында Құрманғазының екі күйін жазған екен. Сол 2020 жылы «Атырау өлкесінің күйлері – ХХ ғасырдағы композитолар шығармашылығы» кітабына музыкалық корректор болған. Осы кітапқа жергілікті композиторлар И.Жанховтың «Таң сәрі», Ғ.Әбішевтің «Әзидолла Ақжелең», «Өнербек Ақжелең», «Мұнайшы» , Мұғалім Даулетовтің «Торқалы той» күйлерін өңдеп, нотаға түсіріп, жарыққа шығарды. Осы кітапқа өзінің күйлері «Қосымбек баба», «Шығырлау сазы» атты екі күйі енген екен. Тағы бір айта кетерлігі, 2015 жылы «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған мәдени шараға Д.Нұрпейісова атындағы халық аспаптар оркестрі құрамында қатысқан. 2014 жылы Қазақстан өнері мен мәдениетін насихаттау мақсатында Түркия, Францияның Юнеско концерт залында Германия, Австрия елдерінде оркестр құрамында, жеке орындаушы ретінде өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленген.
Күйші С.Тәжіғалиұлы көптеген шетелдік шығармаларды домбыра аспабына лайықтап жазып, күйлерді нотаға түсіріп, ансамбльге лайықтап жазған. Бұл шығармалар колледждегі шәкірттердің репертуарын дамытуға үлкен септігін тигізген көрінеді. Облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен жергілікті сазгерлер С.Құсайынов, С.Мәдиев, З.Есжанова, А . І з м а ғ а м б е т о в а , Т . Қ ұ л т у м и е в , Ж . Е с ж а н о в т ы ң халық арасында көп таралмаған күйлері С . Т ә ж і ғ а л и ұ л ы н ы ң орындауында дискіге жазылған-ды. Атырау телекомпаниясының «Жайық жауһарлары» б а ғ д а р л а м а с ы н а қатысқан. Осы тел е а р н а қ о р ы н д а С.Тәжіғалиұлының жеке концерті жазылған. Ол кісі ҚР Мәдениет саласының үздігі.
Белгілі домбырашы, к ү й ш і С е р і к қ а л и Тәжіғалиұлы 2013 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Дүлдүл күйшінің шәкірттері кімдер? Енді соған тоқталсақ.
Шәкірті Нұрлыбек Нәжекенов Құрманғазы атындағы консерваториясында «Халық музыкасы» факультетінде дәстүрлі музыка бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған. 2015 жылы Е.Айшуақұлы атындағы І республикалық күйшілер конкурсына қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталған. ҚР Халық әртісі, мемлекеттік және Махамбет атындағы сыйлықтардың лауреаты, «Парасат» орденінің и е г е р і , д ә у л е с к е р күйші, дирижер, композитор Қ.Ахмедияров атындағы «Күй- ұран» халықаралық жеке домбырашылар, халық аспаптарында орындаушылар байқауында үздік өнер көрсеткені үшін лауреат атанып, 2021 жыл ІІ орын еншілеген. «Қазақтың Қаршығасы» күйшілер облыстық байқауында орындаушылық шеберлігі үшін диплом, бас жүлде-2021 жыл. Қазіргі уақытта ол Д.Нұрпейісова атындағы академиялық оркестрінің әртісі.
Мұратбек Темірбек Астрахань облысында өткен байқауда жеке орындау бойынша гран-при лауреат атанды. Наргиз Досықызы 2015 жылы ҚР Халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, күйші, зерттеуші Қ.Ахмедияровтың туғанына 70 жыл толуына арналған «Қазақтың Қаршығасы» күйшілердің облыстық байқауының жүлдегері атанған.
Күйшінің Махамбет ауданында да шәкірттері бар. Атап айтсақ, Рамиль Елемесов Қ.Ахмедияров конкурсының лауреаты болса, Сакен Жолдасов Құрманғазы атындағы консерватория түлегі, «Нарын» оркестрінде жұмыс жасайды. Сонымен қатар Алға мәдениет үйінде қызмет ететін шәкірті Ж ұ л д ы з Құрманғалиева д а б ү г і н д е лттық домбыра өнерін дәріптеп жүр.
Ұ л т т ы қ ө н е р і м і з д і ұ л ы қ т а п ж ү р г е н , қ а н ш а м а ш ә к і р т т е р тәрбиелеген к ү й ш і С.Тәжіғалиұлы б ү г і н д е а у д а н д а ғ ы З . Е щ а н о в а атындағы балалар өнер мектебінде де дәріс беріп келеді. толайым табыстар тілейміз.
А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА