Күмісті қанжығалады

Дәурен Әменов жаттықтыратын махамбеттік қыздар «Еңбек Қызыл Ту» орденді, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері және соцалистік жарыстың жеңімпазы Асықбек Айтбекұлын еске алуға арналған облыстық ашық турнирге қатысты.

Жамбыл облысы, Байзақ ауданында өткен волейболдан 2009-2010 жылы туған жасөспірім қыздар арасындағы додада күміс медальды қанжығасына байлады.

Сонымен қатар қыздар Ақтөбе облысы, Хромтау ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған қала аралық ашық біріншілікте Исатай ауданының во­лейболшыларымен бірігіп ойнап, екінші орынды иеленді.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT