Қазіргі қоғамда лудомания, яғни құмар ойындарға тәуелділік, өзекті әлеуметтік мәселелердің біріне айналып отыр.
Алғашында уақыт өткізу немесе қызығушылық ретінде басталатын бұл әдет, біртіндеп адамның өміріне терең әсер етіп, оның психологиялық жағдайына, отбасына және қаржылық ахуалына кері ықпал етеді.
Лудоманияға шалдыққан адам көбіне өз әрекетін бақылаудан айырылады, жеңіске деген үмітпен қайта-қайта ойынға жүгінеді. Нәтижесінде қарызға бату, отбасындағы түсініспеушілік, күйзеліс пен жалғыздық сияқты мәселелер туындайды. Бұл тек бір адамның емес, тұтас қоғамның мәселесіне айналатыны сондықтан.
Осыған байланысты лудоманияның алдын алу – маңызды міндет. Жастар арасында құмар ойындардың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау және психологиялық көмекке қолжетімділікті арттыру қажет. Қоғам болып бұл мәселеге бейжай қарамай, қолдау мен түсіністік танытсақ, лудоманияның таралуын азайтуға болады.
Г.ЖОЛДАСҚАЛИҚЫЗЫ
МАХАМБЕТ АУДАНЫ



