АБАЙЛАҢЫЗ ! ЖҰҚА МҰЗ!

Ауданда ауа температурасының төмендеуі су айдындарында жұқа мұз қабатының қалыптасуына себеп болып отыр. Бұл кезең – тұрғындар үшін аса сақтықты талап ететін қауіпті уақыт.

Алғашқы мұздың қалыңдығы әдетте 2-3сантиметрден аспайды және адамның салмағын көтере алмайды. Махамбет балық инспекциясы бөлімінің мамандары су айдындары маңында рейдтік жұмыстар жүргізіп, әуесқой балықшыларға алғашқы мұздың қауіптілігін түсіндіруде. Мамандар мұз үстінде рұқсатсыз шығу ғана емес, заңсыз балық аулау әрекеттерін болдырмау, экологиялық талаптарды сақтау, балық қорына зиян келтірмеу және су айдындарында қауіпсіздік ережелерін орындау қажеттігін, сондай-ақ балықшыларға, балаларға және жағалауда демалушыларға мұз үстінде жүруден аулақ болуды ескертеді.

Қауіпсіздік ережелерін есте

сақтаңыз:

- жұқа , жаңа қатқан мұзға

шықпаңыз;

- жағадан алысқа бармаңыз;

- мұздың жарылған дыбысы,

сықырлауы – қауіпті белгі;

- жеке құтқару жилетін, жарық

шағылыстырғыш элементтері бар

киім кию ұсынылады;

- мұз үстінде жүгірмеу, қарлы

аймақтарда жасырын ойықтар болуы

мүмкін екенін ескеру қажет;

- балықшыларға бір-бірінен алыс

кетпеу, қауіпсіздік арақашықтығын

сақтау ұсынылады.

 

Т.ЕСМУХАНОВА,

аудандық балық инспекциясы

бөлімінің маман инспекторы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT