КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ

2025 жылдың 18 шілдесінде жаңа Салық кодексіне қол қойылды. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жаңа Салық кодексінде мүлікке салық салуда бірқатар өзгерістер көзделген.

Оның негізгі өзгерістері мен жаңашылдықтары көлік салығына тоқталды.Пайдалану мерзімі            10 жылдан асатын жеңіл автомобильдер бойынша көлік салығын есептеу тәртібі өзгертіліп, оларға түзету коэффициенті – 0,7, пайдалану мерзімі 20 жылдан асқандарға түзету коэффициенті – 0,5 қолданылады.

Шаруа фермер қожалықтары бір пикапкөлігі бойынша көлік салығын төлеуден босатылды.

Көлік құралының түріне қарай көлік құралдарының санаттарына жатқызу бойынша норма алынып тасталды (пикаптар, джиптер, лимузиндер, фургондар). Енді көлік құралын басқару құқығы санатына қарай (А.В.С.D) көлік құралдарының санатын айқындауқарастылыған.

2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстанда өндірілген (дайындалған немесе жиналған) немесе Қазақстанның аумағына әкелінген, қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильдер үшін мөлшерлемелер алынып тасталды.

Заңды тұлғалар үшін көлік құралдарына салынатын салық бойынша ағымдағы төлемдердің есебін (салық есептілігі) ұсыну бойынша міндеттеме алынып тасталды, салық төлеуші тек жыл қорытындысы бойынша декларацияны табыс етеді және тиісінше төлемді жүргізеді.

 

Р.ЕСПУСИНОВ,

Салық төлеушілермен жұмыс және бақылау бөлімінің бас маманы                                                   

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT