Қазіргі таңда лудомания, яғни құмар ойындарына тәуелділік – тек жеке адамның емес, тұтас отбасының, hatta қоғамның тыныштығына сызат түсіретін күрделі мәселе.
Себебі жеңіл жолмен табыс табамын деген ой кей жастарды да, ересектерді де қате бағытқа бұрып, қаржылық қиындыққа, отбасылық жанжалдарға, психологиялық күйзеліске әкеліп жатыр.
Лудоманияның ең қауіпті тұсы – оның байқалмай, көзге көрінбей өршуі. Әсіресе онлайн ойындардың қолжетімділігі бұл тәуелділікті тез күшейтеді. Қарапайым басталған букмекерлік ставка кейін үлкен қарызға, жауапкершіліктен қашуға, отбасылық құндылықтардың әлсіреуіне ұласады.
Құмар ойынға тәуелділікпен күресте тек мемлекеттік органдар емес, бүкіл қоғам белсенді болуы қажет.
– Біріншіден, жастар арасында түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуі тиіс.
– Екіншіден, мектептер мен колледждерде қаржылық сауаттылық пен жауапкершілік тақырыптарын күшейту маңызды.
– Үшіншіден, әр отбасы баласының уақытын, қызығушылығын бақылап, ашық әңгімелесуді жолға қойғаны дұрыс.
– Тәуелділікке душар болған жандар үшін аудандық деңгейде кеңес беру орталықтарының қолжетімділігі де үлкен рөл атқарады.
Лудомания – жай ғана әдет емес, бұл адам өмірін өзгертіп жіберетін психологиялық тәуелділік. Сондықтан оны жеңіл-желпі қарауға болмайды. Әр азамат өзінен бастап жауапкершілік танытып, отбасына, айналасына назар аударса, ауданымызда да бұл мәселенің алдын алуға толық мүмкіндік бар.
Г.СӘДУАҚАСОВА


