Қазіргі заманда цифрлық жаңғыру – тек технологиялық өзгеріс емес, елдің даму бағытын анықтайтын стратегиялық қадам.
Мемлекет басшысы айтқандай, цифрлық трансформация халықтың өмір сапасын арттыруға, мемлекеттік қызметтерді тиімді әрі қолжетімді етуге, экономиканы жаңа деңгейге көтеруге бағытталады.
Бүгінде әлем жылдам өзгеріп жатқан кезеңде Қазақстан өз дамуын жаңа технологияларға, жасанды интеллектке, автоматтандыру мен инновацияға сүйене отырып жалғастыруда. Бұл өзгерістердің барлығы өңірлерде де нақты нәтижесін беруі тиіс. Аудан деңгейінде цифрлық қызметтерді дамыту, инфрақұрылымды жақсарту және жаңа цифрлық мүмкіндіктерге жол ашу – біздің басты міндеттердің бірі.
Түптеп келгенде, цифрландыру – халықтың тұрмыс сапасын жақсартатын, әділдік пен ашықтықты нығайтатын, ел әлеуетін арттыратын үлкен мүмкіндік. Осы бағыттағы әрбір бастама Қазақстанның жарқын болашағына қызмет етеді.
Д.Сәдуақас


