Өткен аптада Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Ол 11 бөлім мен 95 баптан тұрады. Бұл қолданыстағы Конституциядан үш бапқа аз. Конституцияның жаңа мәтінін қолдаған Мемлекет басшысы, жобаны жалпыұлттық талқылауға шығаруды ұсынды.
Жаңа Конституция жобасының әзірленуі ашықтық, жариялылық және инклюзивтілік қағидаттарына толық сай жүзеге асырылды. Алты ай бойы жүргізілген қоғамдық талқылаулар, екі мыңнан астам азаматтық ұсыныстың ескерілуі және Конституциялық комиссия жұмысының ашық форматта өтуі қабылданатын шешімдердің заңдылығын ғана емес, олардың сенімділігін де қамтамасыз етеді.
Аталған өзгерістер елдің құқықтық жүйесін жаңғыртуға, адам құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға және мемлекеттің орнықты дамуына берік құқықтық негіз қалауға бағытталады. Жаңа Конституция жобасы – құқықтық мемлекеттің, әділетті қоғамның және тұрақты дамудың институционалдық кепілі.
Құқықтық жүйені жаңғыртуға қадам
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 35


