Еліміздің жаңа Конституция жобасының жалпыхалықтық талқыға шығарылуы – қоғамдық сананың трансформациялануындағы маңызды белес.
Бұл құжат тек саяси реформа ғана емес, бұл – ұлттық мәдениетіміз бен құндылықтарымызды заман талабына сай заңдық тұрғыда бекемдеудің айқын көрінісі.
Жобаның преамбуласында бірлік, келісім және заң мен тәртіп сияқты іргелі ұғымдардың көрініс табуы мемлекетіміздің рухани тұтастығын нығайта түседі.
Әсіресе, бір палаталы Парламент – Құрылтай форматына көшу мен Халық Кеңесінің құрылуы ел басқару ісіндегі ашықтықты қамтамасыз етіп, бұқараның шешім қабылдау процесіне араласуына жаңа өріс ашады.
Сонымен қатар, зияткерлік меншік пен цифрландыруға қатысты нормалардың енгізілуі мәдениет пен шығармашылық саласының ілгерілеуіне, спорттағы әділдік қағидаттарының бекуіне тікелей әсер ететін болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әзірленген бұл реформалар кешені – өскелең ұрпақтың, спортшылар мен шығармашылық өкілдерінің жарқын болашағына бағытталған қадам. Жаңа Ата Заң еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, Қазақстанның әлемдік аренадағы мерейін өсіретін жасампаз құжат болатынына кәміл сенемін.
Жандос Дүйсембаев,
Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы


