Көктемгі су тасқыны кезінде нені білу керек?

Су тасқыны – бұл қардың еруі, жауын-шашын, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы және су үлкен биіктікке көтерілсе, адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады.

Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың гидравликалық соққысы бо­луы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.

Егер де сіздің аумағыңыз су тасқынынан жиі зардап шексе, су басу мүмкін жерлердің шекарасын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге жақын тұрған дөңестеу си­рек су басатын жерлерді, оған баратын ең қысқа жолды зерделеп, еске сақтаңыз. Отбасы мүшелерін ұйымдасқан және жекелей көшіру кезінде әрекет ету, сонымен қатар кенеттен және қарқынмен келе жатқан су тасқыны кезіндегі ережелерімен таныстырыңыз. Көшіру кезінде алып шығатын құжаттар, мүлік және дәрі-дәрмектердің тізімін алдын-ала жасап қойыңыз. Арнайы сөмкелерге қажетті жылы заттарды, азық-түлік қорын, су және дәрі-дәрмекті салыңыз. Су тасқыны қаупі және көшіру туралы дабылды алғаннан кейін күттірместен, белгіленген тәртіп бойынша өзімен бірге қажетті заттар мен бұзылмайтын азық-түліктің екі күндік қорын алып қауіпсіз аумаққа немесе дөңестеу жерлерге барыңыз. Көшіру пунктіне жеткеннен кейін тіркеліңіз.

Үйден кетер алдында электр қуаты мен газды сөндіріңіз, отын жағу пештеріндегі отты өшіріңіз, ғимараттың сыртындағы барлық қалқитын зат­тарды бекітіп қойыңыз немесе қосымша жайларға орналастырыңыз. Егер де уақытыңыз болса, үйдегі құнды заттарды шатырға немесе жоғарғы қабаттарға орналастырыңыз. Есіктер мен терезелерді жа­уып, қажет болса және уақыт жеткілікті болса, бірінші қабаттың терезелері мен есіктерін сыртынан тақтайлармен жабыңыз. Апат туралы дабылды күндіз- жақсы көрінетін шүберекті ағашқа байлап іліп немесе бұлғау, ал түнде жарықтық дабылмен және дауыс беру қажет. Құтқарушылар келген кезде дүрбелең тудырмай, сақтық шараларын сақтаңыз. Құтқарушылардың та­лаптарын мүлтіксіз сақтап, жүзу құралдарының шама­дан тыс жүктелуіне жол бермеу керек. Қозғалу кезінде белгіленген орындардан кетпей, талаптарды мүлтіксіз орындаңыз. Су басқан ауданнан тек қана зардап шек­кендерге медициналық көмек қажет болғанда, су деңгейінің көтерілуінің жалғасуы, жоғарғы қабаттарды (шатырларды) су басу қаупі болу сияқты себептер болған кезде ғана өздігінен кетуге кеңес береді. Бұл кезде сенімді жүзу құралы болғаны және қозғалыс бағытын білу керек. Өздігінен шығу кезінде апат дабы­лын беруді тоқтатпау керек. Суда малтып жүрген және батып жатқан адамдарға көмек көрсетіңіз.

Егер суға батып жатқан адамды көрсеңіз, жүзетін зат лақтырып, көмек шақырыңыз. Зардап шегушіге бару кезінде өзен ағысын ескеріңіз. Егер батушы адам өзінің іс-әрекеттерін бақыламаса, оның артынан жүзіп барып, шашынан ұстап алып, жағалауға сүйреңіз.

Су тасқынынан соң ғимаратқа кірер алдында қандайда болмаса бір заттың құлау немесе қопарылу қаупі бар ма, жоқ па, тексеріңіз. Бөлмені желдетіңіз, жиналып қалған газдан тазарту үшін. Бөлмелерді толық желдетпейінше және газбен қамту жүйесінің жарамдығын тексергенге дейін электрді қоспаңыз, ашық отты пайдаланбаңыз және сіріңкені жақпаңыз. Электр өткізгіштердің, газбен қамту, су және канализация құбырларының жұмысқа жарамдылығын тексеріңіз.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT