Кітапхана ұжымына референдум маңызы түсіндірілді

Бүгін аудандық орталық кітапханада "Референдумның маңызды рөлі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Конституциялық референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында өткен жиында аудандық мәслихат депутаты, кітапхана басшысы Шынар Ізмағанбетова  ұжымды 5 маусымда өткелі отырған республикалық референдумға біркісідей қатысуға шақырып, жаңартылған Конституцияға енгізілетін өзгерістеріне тоқталды.  

- Ата Заңымыздың 33 бабына өзгертулер енгізілмек. Барлық өзгерістер билік пен қоғам арасындағы байланыстың жаңа, тиімді моделінің құқықтық негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жалпы референдумға қатысты қоғамның әртүрлі топтарынан, түрлі салада жұмыс істейтін азаматтардан көптеген сұрақтар қойылып жатыр. Оның өзінің себебі де бар, осы уақытқа дейін «сайлау», «дауыс беру» ұғымдары Президентті сайлау немесе мәслихат, мәжіліс депутаттарын сайлаумен байланысты болды. Саяси реформаның салмағы басым, мемлекет жүйесінде қалыптасқан элементтерді қайта жаңғыртуға бағытталған, - деді Ш.Ізмағанбетова.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз