Өзгерістерге атсалысу міндетіміз

2022 жылдың 5 маусымында Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша елімізде Бүкілхалықтық референдум-дауыс беру өткізілетіні белгілі.

Осыған орай халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында  округке қарасты  "Жасдәурен" мәдениет үйінің ұжым және ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлерімен референдум бойынша жиналыс өткізілді.Кездесу барысында Конституцияға  ұсынылып отырған түзетулер қабылданса қазақстандықтардың өмірі қалай өзгереді және осы мәселе бойынша 5 маусымда өтетін референдумға қатысу неліктен маңызды екені талқыланды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен болып жатқан өзгерістерді, бұған қоса Конституциялық реформада мемлекет қоғаммен белсенді диалогқа түсіп қана қоймай сонымен қатар, қазақстандықтарды жаңғырту үдерісіне өздері қатысуға шақыратынын атап өтті.

Ауылдық Әйелдер Кеңесінің төрайымы М.Жаленова жалпы халықтық референдум халық игілігіне өзгерістер әкелуіне әр азамат ат салысуға құқылы"-деп өз пікірін ортаға салды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521