Тұрғындарды ойландырған сұрақ көп

Қабылдауға келушілердің көпшілігі тұрғын үй мәселесін қаузады.

 

Береке ауылының тұрғыны К.Нұғманов көптен бері жарық, су, жолдың жоқтығынан зардап шегіп отырғандарын қынжыла баяндады. Жарықтың жобасы өткен жылы жасалғанымен әлі қосылмаған. Аудан басшысы биыл Берекедегі 200 үйге жарықты қайта қосып жатқандарын айтып, бірақ оған 20-шы көше кірмейтінін, алдымен тоқ күшін қалпына келтіріп алған дұрыс екенін, жалпы ауылдың барлық көшесіне жарық беру жоспарда бар екенін айтты.

Махамбет ауылының тұрғыны, көз мүгедегі Т.Кенжалиев ауданның 90 жылдығына байланысты туған ауылын, ауданды өркендету жолында тер төгіп, еңбек еткен зағип ардагерлер барын айтып, мерейтойға орай оларды да марапаттаса деген ұсынысын тастады. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолағын сары түске бояса деген тілегін де қосты. Дімкәс адамдарға орталық көшеден медпункт ашылса деген уәжін айтты. Бұдан біраз жыл бұрын көз мүгедектері үшін өз атына жер алып, ғимарат салдырғанын, қазір ол қаңырап, күтімсіз қалғанын қынжыла баяндады. Енді сол ғимаратты аудан балансына алып, мүгедектерге арналған орталық ашпақ ойы барын да жеткізді. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Ершиков 5 жол белгісіне сұраныс бергенін, сигналдық белгілер қымбаттығын, жоба экспертизадан өтетінін, ал жай белгілер бар екенін айтып өтті.

Аудан әкімі ғимаратты аудан балансына алып, ТШО-ның «Жарқыра!» бағдарламасы арқылы қайта жаңғыртуға болатынын айтты.

Алмалы ауылының тұрғыны Н.Кенжеғалиева 2011 жылы жер сұрап, аудан әкіміне жазған арызы жоғалып кеткенін, кезінде кезегі №55 болып тіркелгенін айтты. Оның сұраған жері босалқы жерден болып шыққан. Бұл жерден тұрғын үй салуға жер берілмейтіні белгілі.

Көздіқара елді мекенінің тұрғыны М.Сұпығалиева бір бөлмелі үйде 7 адам тұрып жатқандарын, үй кезегіне №42 болып тұрғанын баяндады.

Сарытоғай ауылының тұрғыны Ж.Мухангалиева тұрғын үй кезегіне №20 болып тіркеліпті. Бүгінде Атырау қаласында жұмыс істеп жүр.

Аудандық аурухана мейір- бикесі Г.Бекетова ауданаралық өкпе аурулары ауруханасына Индер ауданынан жұмысқа келгенін, өткен жылы аурухана жабылған соң аудандық емханаға жұмысқа ауысқанын айтып, қызметтік үй сұрады. Аудан әкімі бұл азаматтарға Елбасының «7-20-25» бағдарламасы арқылы үй алуды ұсынды

Зейнеткер І.Кулов ауыл шаруашылығының ардагері Нұржан Сұлтановты «Махамбет ауданының Құрметті азаматы» атағына ұсынғанына біраз уақыт өткенін, ол азаматтың ауыл шаруашылығына сіңірген еңбегі зор екенін, «Бақсай» совхозында мал дәрігері, ветстансада, «Эмба» совхозында директор, үш ауданның ауыл шаруашылығы басқармасын басқарғанын баяндады. Оған заңға сәйкес әрекет етілетіні қаперленді.

Бейбарыс ауылының тұрғыны Т.Мухина бір үйде 11адам болып тұратынын, ескі мектеп-интернаттан берген үйдің жарлары жарылып, жылу жоқтығын, есіктері тесіліп жатқанын, өзі мүгедек бала тәрбиелеп отырғанын айтты.

Алмалыдан келген А.Бисенбаева үйі үлкен қазан шұңқыр болып қазылған карьер маңында орналасқанын, ол жақта телемұнара барын, ауыл тұрғындары ол шұңқырға күл-қоқысын төгіп жатқанына қынжылыс білдірді. Ол карьер сонау кеңес заманынан, совхоз кезінен бар екен. Апанды қоршап, тіпті көміп тастаса да артық етпес еді. Ол жақта су да жоқ көрінеді. Су тұрбалары мүлдем тартылмаған.

Сарайшық ауылының тұрғыны Н.Құрмашев ауылды абаттандыру мәселесін көтеріп, үш жыл бұрын 50 түп ағаш отырғызғандарын еске алды. Сарайшықтан 5 км жол жиегіне ағаш отырғызуды ұсынғанымен, ол жүзеге аспағанын, ауыл ішін де абаттандыруды, үш демалыс бағы барын, балалар ойын алаңының орындықтары қирап қалғанына қынжылыс білдірді. Ағаштар өсіп, гүлзарлар жайқалса, қандай ғанибет болар еді

Жалғансай ауылының тұрғыны Б.Құрекешева өзі 2012 жылы үй кезегіне №29 болып тіркелгенін, бүгінде өзі тұрып жатқан апатты үй қайынсіңлісі Анаргүлдің атында екенін, ескі үйдің үш бұрышы тіреуде тұрғанын баяндады. Ал жұмыссыз Р.Мухитова 2013 жылы кезекке №56 болып тіркелгенін, отбасында 7 баласы барын тілге тиек етті.

Бала Ораз елді мекенінен келген зейнеткер Ү.Қадрешова жеті баласы барын, ескі үйі құлап тұрғанын, қыста отын жоқтығын, үйде мүгедек қызы, келін-баласы, үш немересі барын айтып, Ақтоғайдағы ескі клуб үйін беруді сұрады. Махамбет ауылының тұрғындары Ж.Тлеукулова, Ж.Садикова, Ж.Бағытжановалар да кезекпен үй алу мақсатында әкім қабылдауында болды.

Жасыл белдеудегі М.Мөңке- ұлы көшесінің тұрғыны Ж.Құт- тыбаева үйлерінде жарық, су жоқтықтан зардап шегіп отырғандарын айтты. Оған 40 км-ге энергетикалық экспертиза жасалған, 16 үйге 5 трансформатор орнатылған. Жарық бұл жақтағы тұрғын үйлерге 2012 жылдан бастап тартылды, әрі қарай жұмыс жасалмай, тоқ бағаналары ғана қалды. Ал суды қосып жатыр. Бұл жақтың жолы әлі жобаға кірмепті.

«Шұғыла» мөлтек ауда- нынның тұрғыны Қ.Сарсенов алдымен тазалық мәселесін қозғады. Тұрған жерлерінде балалар ойын алаңы, көгал(газон) жоқ. Бірақ кезінде көгал салынып, ауылдық округ балансына берілсе керек. Отбасында алты баласы барын, балалар күнұзағына тасжол бойына ойнайтынын айта кетті. Сондай-ақ ол көшелерге бейнекамера орнату, қоқыс алаңын қоршау, бақтағы малды қайырып, қамауға бақташы ұстауды ұсынды.

Ауыл тұрғыны Г.Утеулиева жолдасы екеуі аула спорт клубын ашуды қолға алыпты. ТШО-ның «Жарқыра!» бағдарламасына сай қыркүйек айынан жұмыс бастағалы отырғанын айтты. Аула спорт клубы мүгедектерді спортқа бейімдеп, тоғызқұмалақ, үстел теннисінен, шахмат-шашкадан жарысқа апарып жүрген аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне алғысын жаудырды.

Махамбет тұрғыны Н.Жума- лиева «Құрылысшы» мөлтек ауданынан алған жерін ол жақтан мектеп салынады деп кері алғанын, кейін «Шұғыла» мөлтек ауданы жақтан алған жерін еш себеп-салдарсыз, ештеңе түсіндірместен кері алып қойғанына қынжылыс білдірді. Ендігі берген жері «орыс бейіті» жақтан екен.

Алмалы ауылының тұрғыны І.Бержанова үй жанынан бау-бақша салуға жер алса да құжаттарын әлі рәсімдей алмай жүр екен.

Алмалылық Н.Ниязова отбасында өзі ғана жұмыс жасайтынын, күйеуі ішімдікке салынып кеткенін, мектеп жасындағы үш баласы барын, оларды киіндіру оңайға түспейтінін, балаларына киім-кешекпен көмектессе деген ой тастады. Ауған соғысының ардагері Н.Юсупов көпқабатты үйде 5 баласымен, 3 немересімен тұрып жатқанын, ол үй тарлық етіп жатқандықтан кеңейтілген үй алғысы келетінін жасырмады. Бұл отбасы да «7-20-25«» бағдарламасымен үй алса, артық етпес еді.

Жалғызбасты ана Б.Панабер- диева тұрғын үй кезегіне №179 болып тіркеулі тұр. Бүгінде ата-анасының үйінде, бір шаңырақта төрт отбасы тіршілік кешуде. Өзі кәсіпкерлікпен айналысады.

Махамбет ауылының тұрғыны Б.Жолдасқалиев сауықтыру орталығы ретінде жаңадан салған ғимаратын сатуға шығарғанын айтты. Жалпы аудан әкімі қабылдауында 27 адам болды.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT