Аудандық соттардың мүмкіндігі ескерілсе…

Сот жүйесіне қатысты конституциялық өзгерістер енгізу маңызды, алайда бұл реформалар өңірлердегі нақты жағдаймен үйлесуі керек. Қазіргі таңда аудандық соттарда кадр тапшылығы, техникалық мүмкіндіктердің шектеулігі және судьяларға түсетін жүктеменің көптігі байқалады. Бір маманға жүздеген іс қаралуы сот өндірісінің сапасына әсер етпей қоймайды.

Әкімшілік соттардың өкілеттігі кеңейген жағдайда, бұл жүктеме одан әрі артуы мүмкін. Сондықтан Конституцияға түзету енгізумен қатар сот инфрақұрылымын дамыту, кадр даярлау, цифрландыру жүйесін күшейту мәселелері де қатар қарастырылуы тиіс. Әйтпесе реформа тек орталық деңгейде қалып, ауылдық жерлердегі азаматтар үшін нақты нәтижесін бермеуі мүмкін.

А.Шаймурзина,
аудандық сот әкімшісінің жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT