Әкім болуға ынталылардың қатарында мұғалімдер көп

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте  Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасының айтуынша, ұсынылған 34 мұғалімнің арасында дирижер бар.

- 2021 жылдың 9 шілдесінде кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Ұсынудың қорытындысы бойынша 73 кандидат ұсынылды. Олардың ішінде 34 (46,6%) – мұғалімдер, 12 (16,4%) - заңгерлер, 10 (13,7%) - экономистер, 8 (11%) - ауыл шаруашылығы мамандары, 1 (1,3%) - инженер, 8 (11%) - басқа мамандық өкілдері, - деді Азамат Айманакумов.

Ұсынылған кандидаттардың белгіленген заңнамаларға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу шаралары жүруде, бұл шаралар 2021 жылғы 14 шілдеде, сағат 18.00-де аяқталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT