Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жетілдірудің маңыздылығын атап өтті. Бұл бағытта қолға алынған реформалардың түпкі мақсаты – халықтың тұрмыс сапасын арттыру, қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру.
Аталған реформалар:
халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға;
қалалар мен ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға;
экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Бүгінде мемлекетіміздің алға қойған басты міндеттерінің бірі – заманауи, тиімді және әділетті басқарылатын тұрғын үй-коммуналдық жүйесін құру. Бұл жолда мемлекеттік органдармен қатар, жергілікті билік пен әрбір азаматтың белсенділігі аса қажет.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту – тек қана инфрақұрылымдық өзгерістер емес, ол қоғамның өмір сапасын жаңа деңгейге көтеретін кешенді қадам. Әрбір атқарылған іс халықтың игілігіне қызмет етуге тиіс.
Қ.Жиенғалиев,
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы