Ұрпақ тәрбиесі - мемлекет болашағы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қоғам дамуының негізгі тіректерінің бірі – отбасы институтын қолдауға айрықша назар аударды. Президент атап өткендей, ұлттық құндылықтарды сақтау, жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беру, қоғамдағы адамгершілік пен сыйластықты нығайту – ел болашағы үшін аса маңызды міндеттердің қатарында.

Бұл – кездейсоқ айтылған сөз емес. Себебі ғасырлар бойы қазақ халқы «Берік отбасы – берік мемлекет» деген қағиданы өмірлік ұстаным етіп келеді. Отбасы – тек әлеуметтік бірлік емес, ол – ұлттық дәстүр мен мәдениеттің, рухани құндылықтар мен адамгершіліктің сақтаушысы.

Президент Жолдауында айтылған бастамалар отбасыны тек материалдық тұрғыдан қолдап қана қоймай, оның рухани дамуына, ата-аналар мен балалар арасындағы байланысты күшейтуге бағытталған. Әрбір шаңырақтағы жылылық, сыйластық пен тәрбие – мемлекеттің іргесін бекітетін басты құндылықтар. Сондықтан әрбір отбасы – мемлекеттің ең сенімді тірегі. Оны жан-жақты қолдау – болашақты қорғаудың кепілі.

Алтынбек Сирашев,

Отбасы қолдау орталығы директорының у.м.а

Махамбет ауданы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT