Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Алтын-Ай» бөбекжайындағы қызметкерлер арасында «Ана-өмірдің шуағы» атты сайыс өткен-ді.
Бөбекжай меңгерушісі Лариса Қорғанбайқызы барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, сәттіліктер тіледі. Сайыс «Қызғалдақ» және «Аялы алақан» топтарынан құрылды. Әр қызметкер тапқырлығымен, білімділігімен, шеберлігімен, өнерімен көзге түсті. Шара мазмұндылығымен есте қалды. Сайыс соңында бөбекжай меңгерушісі Л.Қорғанбайқызы қатысушыларды «Алғыс хаттармен» және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Б.ЕРКИНОВА,
«Алтын-Ай» бөбекжайының тәрбиешісі.