Халық үні ескеру – қоғам сенімін күшейтеді!

Жуырда ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды.

– Конституцияға түзетулер енгізуді парламент қарайды деп ойлаған едік. Бұл қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын, – деді мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында.

Президенттің бұл ұсынысы, Жаңа Қазақстанның бағыт-бағдарын айқындап берді. Жалпыхалықтық референдум өткізу азаматтардың мемлекет өмірінің маңызды сұрақтары бойынша шешім қабылдауы арқылы демократияның ауқымын кеңейтіп, дамытуға жол ашатын болады. Биліктің халық үніне құлақ асып, ел пікірін ескеруі қоғам сенімін күшейтеді.

Жалпы, әлемнің көптеген елдерінде референдум кеңінен қолданылады, ал кейбір мемлекеттерде жекелеген жағдайларда ғана өткізіледі. 1995 жылы қараша айында Қазақстанда "Республикалық референдум туралы" конституциялық заң қабылданған болатын. Содан бері Ата заңымызға төрт рет өзгеріс енгізілсе де, конституциялық түзетулерге қатысты халықтық референдум ұйымдастырылған жоқ.

Әр азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік беретін жалпыхалықтың референдум өткізу жөніндегі Президент бастамасын қолдаймын!

Қадыржан ҚАЗЫМБЕКҰЛЫ,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT