Кешегісіз бүгін жоқ

Қазан айында қарттар және ұстаздар мерекесі қатар тойланады.

1 кіші топ ата-аналар жос- парына сай байырғы балабақша қызметкері, әйелдер кеңесінің мүшесі, зейнеткер-ұстаз Күлән Бекесқызы, «Ару-Ана» әжелер ансамблінің жетекшісі Динаш Махасқызымен кездесу кеші өткен-ді. Кеш шымылдығын бөбекжай меңгерушісі Күлән Ұзаққызы ашып, меймандарды мерекемен құттықтады. Әжелеріне Нұрай Оралтай мен Айнұр Адильқызы жыр шумақтарын арнады.

Қарттардың өмір жолындағы ұстаздық қызметтегі қиын да қызықты күндерінен естелік шертуінің өзі неге тұрады?! Ардагер-ұстаз Динаш Махасқызының шынайы жүрекжарды әңгімесін тыңдау-келер ұрпаққа көп үлгі-өнеге екенін ұғынғандай болдық. Ал Күлән Бекесқызы өзінің қызмет еткен жылдардағы ұжымдастарын еске алып, ол кісілердің қандай қызмет атқарғандары жөнінде сыр шертті. Топ тәрбиеленушілері «Көңілді балақайлар», «Көңілді шарлар» билерін биледі. Қарттар немерелерінің өнеріне тәнті болып, ду қол соқты. Енді бір сәт Динаш апай мен Күлән апай екеуі бір шумақтан ән айтып, жиналғандарды бір серпілтіп тастады. Меймандар мазмұнды кездесу кеші үшін алғыстарын жаудырып, ақ батасын берді. Кеш қонақтарына алқызыл гүл шоқтары ұсынылды.

Б.БЕГІМБАЕВА, тәрбиеші.

«Балдырған» бөбекжайы. Бейбарыс ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521