Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің кездесуі бауырлас елдердің стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бағытталды.

Келіссөз барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы және көлік-транзит салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мен өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ету жайы сөз болды.

Бұл кездесу – Қазақстан мен Әзербайжанның өзара сенімге, достық пен бауырластыққа негізделген қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеретін маңызды оқиға. Мұндай серіктестік екі елдің ғана емес, өңірлердің де әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берері сөзсіз.

С.Жайлашев,

Махамбет аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT