Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу және еңбек нарығын жаңғырту мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Президент атап өткендей, әрбір азаматтың табысты еңбек етуі – елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығының басты кепілі.
Бүгінде жұмыспен қамту саласында халыққа қолдау көрсету, кәсіптік оқыту, жастар тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда.
Басты мақсат – әрбір азаматтың тұрақты жұмыспен қамтылып, өз әлеуетін толық іске асыруына мүмкіндік жасау.
Г.Үмбетова,
Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы