Kaspi банкі несиені үш айға шегеруді бастады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде дағдарыстан зардап шеккен халықтың кредитін өтеуін тоқтата тұруды тапсырып, "Мен банктердің жағдайға түсіністік танытатынына сенім артамын", – деген болатын.

Президенттің осы тапсырмасын алғашқы болып Kaspi банкі қолға алды. Бүгіннен бастап Kaspi.kz қосымшасы арқылы барлық қарыз алушыларының несиесін үш айға шегеріп жатыр. Менің де осы банкте кредитім бар болатын. Банктің бөлімшесіне бармай-ақ, ешқандай құжат тапсырмай-ақ , телефон арқылы өтінішімді жіберіп, жеңілдікке ие болдым. Kaspi банкі бүгінде еліміздегі ең қолжетімді банк болып отыр. Халықтың жағдайына түсіністікпен қарап, еліміздегі өзге банктерге үлгі көрсетіп отырған бұл банкке айтар алғысымыз шексіз. Енді басқа банктер де халықты түрлі құжат сұрап сенделтпейді деп сенеміз.

Г.ХИСИНА, ауыл тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз