Кәсіби мерекеге орай аудан қаржыгерлері марапатталды

Еліміздің негізгі мемлекеттік нышаны, қаржылық тәуелсіздіктің символы болып табылатын ұлттық валютамыздың және қаржы саласы қызметкерлерінің мерекесіне орай аудан әкімдігінде салтанатты шара өтті.

Шараға аудан әкімі, мәслихат хатшысы және ауданның экономикалық дамуына үлесін қосып жүрген бір топ қызметкерлер қатысты. Аудан әкімі Жәрдемғали Ахметов ұлттық валютаның өміршеңдігін, бүгінгі мерекенің маңыздылығын айта келіп, тілегін арнады.

- 1993 жыл 15 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаетың ұлттық валютаны енгізу туралы шешімі ел тарихындағы батыл да маңызды шешім болды. Теңгенің тұрақтылығына сыртқы жағдайдың әсер көп болса да Қазақ елі дағдарыстан жол тауып, ұлттық валютамыз құнын төмендетпей келеді. Бұл тұрғыда осы саланың ардагерлерінің, қазіргі буындарының еңбектері зор. Оның ішінде сіздер де барсыздар. Бүгінгі мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, қаржыгерлік қызметте үлкен жетістіктер тілеймін,- деді аудан әкімі.

akim131120

Кейін аудан басшысы төл теңгенің мерекесі қарсаңында асқаралы 60 жасқа келген аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ерсайын Құлмағамбетовтің иығына шапан жауып, алғыс хат табыстады.

qylmagambetov131120

Сондай-ақ, қаржы саласында қажырлы еңбек етіп жүрген бір топ сала мамандары алғыс хатпен марапатталды. Аудан әкімінің алғыс хатымен қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Құрманбаева, орталық кітапхананың экономисі Жұмагүл Оразғалиева, білім бөлімінің есепшісі Рысты Мурзағалиева, Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі Алмаш Смадияр марапатталса, облыс әкімінің «Алғыс хаты» аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Дәуірбек Ғасырбекұлына табысталды. Марапат иелерінің баршасына бағалы сыйлық қоса берілді.

Өз кезегінде іскер де білікті басшы Ерсайын Нұрымұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Марат Оразұлы ақжарма тілектерін жеткізді.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT