Карантин кезінде қол ұшын созған азаматтарға алғысым шексіз

Бір кездері ата-бабаларымыз басынан өткерген індеттің қаншалықты қауіпті екенін кітаптан оқып, үлкендерден естігеніміз болмаса сезініп көрмеген едік.

Бұл жолы Қытайдан шыққан вирус халқымыздың денсаулығына зиянын тигізіп ғана қоймай, еліміздің экономикасына да, халықтың тұрмыс-тіршілігіне де айтарлықтай кері әсерін тигізгеніне куә болдық.

Ел басына қиын күндер туғанына қарамастан Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов, аудан басшысы Жәрдемғали Ахметов бастаған ел ағалары қарапайым халықтың тұрмыстың тауқыметін тартып, қиналып қалмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысқаны қуантты. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Біз біргеміз" қорынан көптеген отбасылар қаржылай көмекке ие болды. Солардың қатарында ІІІ топ мүгедегі, жолдасым Жұмабай Айбасов та бар. Ауданымызда да халықтың қамын ойлап, жарғақ құлақтары жастыққа тимей шауып жүрген азаматтар жетіп артылады. Осы карантин уақытында көп балалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз қамтылған отбасыларға қол ұшын созған қайырымды жандар көп болды.

Атап айтар болсақ,Исатай-Махамбет мешітінің бас имамы Е.Иманғалиев, ауыл азаматы Қ.Сәрсенов, "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Әженов, жұмыспен қамту орталығының директоры А.Төлеген, А.Қабдолова бастаған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің мамандары, "Тұрмыс қызмет" ЖШС қызметкерлері Н.Муталиев пен С.Хайрушев, Қ.Гумаров, аудандық полиция бөлімінің басшысы А.Закариев және оның ұжымы өздерінің жандарының жайсаңдығын көрсетіп, қолдарынан келген көмектерін аямады.

Кәсіпкер баламыз Е.Кенжеғалиевтың бір жылқыны сойып, тұрмысы төмен отбасыларға таратқанының өзі неге тұрады. "Жақсының жақсылығын айтсаң нұры тасиды" деген бар. Қиын-қыстау уақытта ауылдастарымен бірге болған осы азаматтар мен азаматшаларға барша махамбеттіктердің атынан алғыс айтқым келеді.

Клара Айбасова,

көп балалы ана

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521