Елімізде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік гранттар жыл сайын беріліп келеді. Биыл да қайтарымсыз грантқа өтінім беру басталды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидасына сәйкес аудан бойынша 2018 жылы 3 адам, 2019 жылы 83 адам, 2020 жылы 30 адам, 2021 жылы 30 адам комиссиядан оң қортынды алып грант иегері атанған. Ал 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға 2022 жылы 30 адам грант иегері атанса, 2023 жылы 14 азаматқа тағайындалған. Осы жылдар аралығында 190 адам грант иегері атанып қазіргі уақытта 60 пайызы жұмыстарын жалғастырып отыр.
Грант қаражаттары жаңадан бастаған кәсіпкерлерге бизнес әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Грантты қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу және үй-жайларды жалға алу мақсатында алуға болады. Бұл ретте ескеретін жайт жұбайынан, жақын туыстарынан сатып және жалға ала алмайды. Грант ақшасы тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге,жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.
Жаңа бизнес-идеяны іске асыру үшін қайтарымсыз мемлекеттік грантын 2 лекке өтініш қабылдау 15-26 шілде аралығында басталады.
Аудандық Мансап орталығының басшысы Ақнұр Нұрғазинаның айтуынша 2024 жылы азаматтарға жеке ісін ашуға немесе оны кеңейтуге Махамбет ауданының тұрғындарына 25 адамға грант беру жоспарланған.
-Грант жеке кәсіпкерлерге (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін) және тіркелген жұмыссыздардарға беріледі. Үміткерлер атаулы әлеуметтік көмек алушылар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар тәрбиелеп отырған ата-аналар, көп балалы отбасылар, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдем ақы алушылар санатынан болуы керек.
Грант мөлшері 400АЕК (айлық есептік көрсеткіш) немесе 1476800 теңге кұрайды. Грантар қайтарымсыз конкурстық негізінде беріледі, сонымен қатар оның негізгі шартты «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқу туралы сертификатты (3 жылдан аспайтын мерзімге берілгені) және бизнес жоспары болуы қажет. Құжаттарды тапсыру толығымен автоматандырылған.
Өтінім беру үшін Business.enbek.kz порталына тіркелу керек. Грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өтіп, бизнес жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу қажет. Бірыңғай терезе арқылы өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады,- деді А.Нұрғазина.
Бизнес-жоспар – бұл бизнесті құрудан бастап нақты мақсаттарға жетуге дейінгі нұсқаулық. Ол неғұрлым жақсы пысықталған және қазіргі жағдайларға бейімделген болса, оны іске асыру және грант түрінде қаржылық қолдау алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.Бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны бизнес-жобаңыз туралы деректермен толтырып, грантқа онлайн өтініш берген кезде пайдалану қажет.
Гранттарды грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық комиссияның шешімі негізінде жұмыспен қамту орталықтары береді.Үміткерлер комиссия отырыстарында бизнес-жобаларын таныстырады. Комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды. Олар келесі критерийлер бойынша бағалау парағын толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру. Осылайша, комиссия грант беру туралы шешімді нақты критерийлерге сүйеніп қабылдайды. Комиссия шешімі өтініш берушінің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.
Мемлекеттік грант беру мақұлданған жағдайда, грант иегері 3 жұмыс күні ішінде жеке кабинетінде 20 таңбалы жеке сәйкестендіру кодын (IBAN) ұсынуы қажет. Банк деректемелерін көрсетілген мерзімде ұсынбаса комиссияның мақұлдауына қарамастан грант беруден бас тартылады. Олай болса келесі лектерде грантқа қайта өтініш бере алады.IBAN ұсынғаннан кейін Халықты жұмыспен қамту орталығы электронды шартты дайындап, қол қояды. Үміткерге шартты қол қоюға жібереді. 3 жұмыс күні ішінде ЭЦҚ көмегімен жеке кабинетке келіп түскен мемлекеттік грант беру туралы шартқа қол қою қажет.Шартқа көрсетілген мерзімде қол қоймаса, үміткер автоматты түрде грант ала алмайды. Сондай-ақ алдағы уақытта ағымдағы қаржы жылында грант алуға үміткер бола алмайды. Шартқа қол қойылғаннан кейін грант қаражаты 5 жұмыс күні ішінде банк шотына түседі. Осы мерзімде шотқа ақша түспесе, тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту орталығына хабарласу қажет.
Грант беру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап грант иегері мен жұмыспен қамту орталығы арасында шарттық міндеттемелер басталады. Шартқа сәйкес бір жыл ішінде грант қаражатын мақсатты пайдаланғаны жөнінде тоқсан сайынғы есептерді ұсынып отыру керек. Сонда бір жылда барлығы 4 есеп тапсыру қажет.Есептерді онлайн форматта, пайдаланушының жеке кабинетінде "Есепті тапсыру" функционалы арқылы тапсыруға болады.Есеп туралы ақпарат интеграция арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түседі. Грант иесіне тек жүзеге асыратын бизнестің кейбір көрсеткіштерін көрсетіп, растайтын құжаттарды тіркеп, үш сауалға жауап беруі қажет. Есеп ұсынылмаса, қосымша растайтын құжаттар берілмесе немесе есепте көрінеу жалған мәліметтердің бары анықталса, Жұмыспен қамту орталығы есептелген грант қаражатын қайтаруды талап етуге құқылы.
Интернет немесе компьютер болмаса, Мансап орталығына өз-өзіне қызмет көрсету аумағында өтінім беруге болады. Толық ақпарат алу үшін Махамбет аудандық мансап орталығы филиалына жолығуға болады. Байланыс телефоны: 8 (71236) 2-17-20, 5-53-07